Ертең елордада жұмыс күні мемлекеттік әнұранды орындаумен басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің Мемлекеттік рәміздері күні Қазақстанда 4 маусым күні атап өтіледі. Нұр-Сұлтан қаласының барлық мекемесі жұмыс күнін мемлекеттік әнұранды орындаумен бастайды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
4 маусым күні таңғы сағат 10-да қалалық әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны жаппай орындалады.Іс-шараға шамамен 600 адам қатысады. Бұл күні елордада Мемлекеттік ту, елтаңба және әнұранның құрметіне 50-ден аса тақырыптық іс-шаралар, концерттер, дәрістер, «дөңгелек үстелдер» өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстауда елді мекендерді сумен қамту мәселесі қаралды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы