Нұр-Сұлтанда екі жасар қыз 4-қабаттан құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 4-қабаттың терезесінен 2 жасар қыз құлады.
Бұл туралы Polisia.kz хабаралады.
20 шілде күні қалалық балалар ауруханасына бірнеше жерден жарақат алған екі жасар қыз жеткізілген. Полиция қызметкері оқиға орын алған сәтте баланың анасы үйден дүкенге шығып, қызын үйде жалғыз қалдырғанын анықтады. Бала ашық терезедегі москит торына сүйеніп, төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
Дәл сол күні төрт жасар бала бірінші қабаттағы балконның терезесінен құлаған. Абырой болғанда бүлдіршін ауыр жарақат алған жоқ. Десе де, бала пәтерде ересектермен бірге болған. Ата-аналар ас үйде кешкі ас ішіп отырғанда, бала қонақ бөлмеде ойнап жүрген.
Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері елордада көпқабатты үйлердің терезесінен 13 бала құлап, бір бала көз жұмған.
Полиция департаменті ата-аналармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. Әсіресе жаз айларында балалардың терезеден құлауымен байланысты жазатайым оқиғалардың өсуі байқалады. Құрметті ата-аналар, сақ болыңыздар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД ювеналды полиция бастығы Нэлля Дощанова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайдың Хэнань провинциясында төтенше жағдай жарияланды
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы