Нұр-Сұлтанда 18 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында күн райының жылынуына байланысты 18 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанда «Қаланың жылу беру маусымын дайындау және өткізу қағидаларының» 42-тармағына сәйкес сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан жоғары болған кезде күнтізбелік 5 күн ішінде елорданың жергілікті атқарушы органының жылу маусымын аяқтау туралы шешімі қабылданады.
Осыған байланысты бесінші күн 17 сәуірге түсетінін ескерсек, 18 сәуірден бастап жылу беруді тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл шешім әлеуметтік нысандарға қатысты емес.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
16 сәуірдегі валюта бағамы қандай?
Өзгелердің жаңалығы