Нұр-Сұлтанда 13 мың үлескердің мәселесі шешілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 16 мың үлескердің 13 мыңының мәселесі шешілді.

Үлескерлер мәселесін шешу туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында айтып берді. 

Оның айтуынша, 2021 жылы бас шаһарда тағы 57 тұрғын үй құрылысы аяқталады, осылайша 7 мыңнан астам 500 үлескер-отбасының мәселесі шешіледі. 2022-23 жылдары қалған көпқабатты үйлерді аяқтау жоспарлануда.

Ел басшылығының тапсырмасымен құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау бойынша ауқымды, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылдың жазында 52 нысан-ұзақ құрылыс ретінде есептелген еді, бұл дегеніміз 150 көппәтерлі тұрғын үй кешені, - деді қала әкімі.

Сондай-ақ әкімнің сөзінше, 2019-2020 жылдары 33 көппәтерлі тұрғын үй кешені салынып, пайдалануға берілді. 5 мыңнан астам үлескер отбасы ұзақ жылдар бойы күткен пәтерлерін сатып алған. Биыл тағы 57 көппәтерлі тұрғын үй кешені аяқталады.

2022 жылы тағы 40 көппәтерлі тұрғын үйді, 2023 жылы 20 тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, 2023 жылы елордадағы үлескерлер мәселесін толық шешуді жоспарлап отырмыз, - деді Алтай Көлгінов.

Көлгіновтің атап өтуінше, елордада тұрғын үй кешенін жөндеу, апатты және ескі үйлерді бұзу жұмыстары жүргізілуде.

Елорда әкімі елордадағы кейбір үйлердің құрылысы 15-16 жылға созылғанын айтты. Үлестік құрылыстың барлық нысандарында әртүрлі көрініс болды: бір жерде тек шұңқыр, бір жерде қаңқасы (каркас) көтерілген, енді бір жерде құрылысшы бір пәтерді 4-5 адамға сатқан. Дегенмен, әрбір ұзақ құрылыс бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы