Нұр-Сұлтан жедел жәрдем станциясына қосымша көліктер берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық жедел жәрдем қызметі 17 жаңа реанимобиль кілтін алды. Машиналарда барлық қажетті жабдық бар. Бұл шақырылған жерде де, науқасты ауруханаға жеткізгенде де қарқынды терапия жүргізуге мүмкіндік береді.
Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ҚЖМЖС қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жұмыстарына алғыс айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халыққа сапалы және тиімді қызмет көрсету үшін жедел жәрдем көліктерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Біз бұл міндетті орындадық. Өткен жылы жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінен 52 автокөлік, биыл тағы 35 техника сатып алынды. «103» автопаркі 100% жаңартылды деп айта аламыз. Баршаңызды жаңа жылмен құттықтаймын! Мықты денсаулық тілеймін, өйткені биыл біз денсаулық адамның басты байлығы екенін сезіндік. Сіздердің күш-жігерлеріңіз, тәулік бойғы жұмыстарыңыздың арқасында көптеген қазақстандық мерекені отбасыларымен атап өтеді, - деді Бақтияр Мәкен.
Айта кетейік, бір жылдан аз уақыт ішінде жедел жәрдем станциясының паркі 2,5 есе артты. Күзде жаңа мамандандырылған көліктердің кілттерін қала әкімі Алтай Көлгінов тапсырды. Осылайша, қазір Нұр-Сұлтан жедел жәрдем қызметінің балансында 100-ден астам көлік бар. ҚЖМЖС жылына 600 мыңнан астам қоңырауға қызмет көрсетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл Алматының индустриялық аймағында 3 ірі жоба іске қосылған
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы