Нұр-Сұлтан және Алматы 28 күннен бері «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін «Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Оның айтуынша, 6 сәуірдегі жағдайға сәйкес, КВИ+ бойынша 256 837 жағдай тіркелсе, КВИ- бойынша 50 832 жағдай тіркелген.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың матрицасы бойынша «қызыл» аймақта 7 өңір, яғни, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және БҚО, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Ақмола облыстары бар. Осы ретте Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары 28 күннен бері «қызыл» аймақта тұр. Ал БҚО 20 күн, Атырау соңғы екі аптадан бері, Алматы және Ақтөбе облыстары соңғы бір аптадан бері болса, Ақмола облысы соңғы тәулік «қызылда». «Сары» аймаққа Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы енсе, қалған өңірлер «жасыл» аймақта, - деді ол.
Министр ақпан айымен салыстырғанда наурызда сырқаттанушылық көрсеткішінің 30%-ға өскені байқалғанын айтты.
Сәуірдің 5 күнінде 9 983 жағдай тіркелді, яғни күніне 2 мыңға дейін жағдай анықталып отыр. Сырқаттанушылықтың артуына «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штаммдардың араласуы себеп. Осыған орай аймақ басшылары инфекциялық төсек-орын және МСАК ұйымдарын мобильді бригадалармен қамту шараларын жедел жүзеге асыру керек, - деді ол.
Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сәуір айында тәуліктік ПТР тестілеу көлемі 57 мыңға артуы байқалып отырғанын жеткізді. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 1,6 есеге көп.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19. 456 адамның жағдайы ауыр
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы