Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Башқұртстанды тікелей әуе рейсі байланыстырады: Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында аптасына бір рет қатынайтын әуе рейсі іске қосылмақ.

Ресейлік «Азимут» әуе компаниясы 2022 жылдың 8 шілдесінен бастап жұма күндері аптасына бір рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер RRJ-95 типті ұшақтармен орындалады.

Билет әуе компаниясының ресми сайтында сатылады.

Рейс «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының үкіметі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасын» іске асыру шеңберінде ашылып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы