Нұр-Сұлтан мен Түркістан қалалары Арыстағы 9-учаскеге жауапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Түркістан қалалары төтенше оқиға орын алған Арыс қаласындағы 9-учаскеге жауапты.
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, онда 600 жекеменшік, 59 көпқабатты үй, 6 әлеуметтік және 22 коммерциялық нысан орналасқан.
10 жеке үй мен 5 көпқабатты үй тұруға жарамсыз күйге түскен. 30 үй жөнделді, қазіргі уақытта 65 жеке және көпқабатты үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласынан 11 компания мен 186 жұмысшы тартылды.
Жергілікті тұрғындарға 38 тонна азық-түлік таратылды. 245 тонна қоқыс шығарылды. Түркістан қаласынан 1 камаз, 1 жүк тиегіш, 1 автобус және 1 су тасушы көлік жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Профессионалдар. Құрылысшы Шапағат
Өзгелердің жаңалығы