Нұр-Сұлтан – Лондон бағытындағы ұшақ рейстері тоқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан – Лондон бағытындағы рейстер тоқтады. Тыйым 29 қаңтардан келесі жылдың наурызына дейін жалғасады.
Бұл туралы Elorda.info хабарлады.
Рейстің тоқтатылуы Ұлыбританияда қазір өршіп тұрған «омикрон» штамына қатысты емес екені айтылды.
Коммерциялық себептерге байланысты 29 қаңтар мен 5 наурыз аралығында Лондонға рейстерді тоқтатуға мәжбүрміз. Жолаушылар билетті сатып алған жерінде толық қайтара алады немесе билетті қайта брондайды, – дейді Air Astana баспасөз хатшысы Тілек Әбдірахман.
Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрлігі желтоқсан айының соңына қарай «омикрон» штамын жұқтырғандар саны миллионнан асуы мүмкін деген мәлімдеме жасады.
Әрине, біз күнделікті статистиканы бақылап жатырмыз, бұл Рождество кезінде өзгерген жоқ, бірақ Жаңа жылға дейін жаңа шаралар болмайды. Бұдан әрі ешқандай шара қолданбаймыз. Әрине, адамдар сақ болу керек, – дейді Денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид.