Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулыға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаладағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды.
Қаулыға сәйкес, отбасылық, еске алу іс-шараларын қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге және оған қатысуға тыйым салынады.
Сондай-ақ боулинг-орталықтардың, компьютерлік клубтардың («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), кинотеатрлардың, кинорумдардың, бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының жұмысына, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, лотереялардың, балалардың ойын-сауық орталықтарының, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондардың, оның ішінде мұз және роликті мұз айдындарының ұтыс ойынына тыйым салу сақталады;
Сауда үйлері мен СОО жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді, демалыс күндері олардың жұмысына тыйым салынады.
COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау үшін қосымша пункттер орналастырылған объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленеді. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұз және роликті сырғанақ алаңдарының, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады, - делінген Қаулыда.
Жабық азық-түлік базарлары қалыпты жұмыс істей алады, ал азық-түлік емес базарлар жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
Ашық ауада азық-түлік базарлары штаттық режимде жұмыс істеуіне мүмкіндік берілген. Азық-түлік емес ашық базарлар 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбіде олардың жұмысына тыйым салынады.
Елордада 2021 жылдың IV тоқсанында білім беру объектілерінде оқытуды ұйымдастыру келесідей болады:
- ата-аналардың өтініші бойынша 2021 жылғы 19 сәуірден бастап 300 оқушыға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 10 адамнан аспайтын қалалық мектептерде дәстүрлі форматта;
- ата-аналардың өтініші бойынша сынып толтырылуы 15 адамнан аспайтын аралас форматта (пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан) оқуға рұқсат етілетін бітіруші сыныптардың (9, 11 (12) - сыныптар) оқушыларын қоспағанда, жалпы білім беретін мектептерде қашықтықтан оқыту режимінде;
Қаулы 2021 жылғы 12 сәуір сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Қаулы мәтінімен толық мына жерде танысуға болады.