16 Қазан 2020 2020, 09:38
Нұр-Сұлтан әуежайынан 4 жолаушы депортацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 132 жолаушыда ПТР-тестілеу анықтамасы болмағандықтан карантиндік стационарға орналастырылды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 132 жолаушыда ПТР-тестілеу анықтамасы болмағандықтан карантиндік стационарға орналастырылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.
Бір тәуліктің ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai әуекомпанияларының 5 ұшағы қонды.
Бортта экипаж мүшелерін қоса есептегенде 573 жолаушы болды. 132 жолаушыда ПТР-тестілеу анықтамасы болмағандықтан карантиндік стационарға орналастырылды.
4 жолаушы депортацияланды.