Нұр-Сұлтан әкімдігі карантин бұзушылардың тізімін жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін елорданың "қызыл" мәртебесі бар тағы 24 тұрғынына 30 АЕК айыппұл салынды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.
"Қызыл" мәртебесі бар аталған тұрғындар ASHYQ бойынша жұмыс істейтін объектілерде қызметтерді пайдалануға тырысты. Бұл мейрамханалар, бассейндер, СОО және ТД, базарлар, әуежай және басқа да нысандар.
Айта кету керек, кейбір азаматтардың карантиндік шектеулерді сақтамауы аурудың көбеюіне әкеліп соқты, соның салдарынан елорда "жасыл" аймақтан "сарыға" ауысты.
Бүгінгі таңда тәуліктік орташа ауру деңгейі 70-76 жағдайды құрайды. Егер тұрғындар уақытында вакцинацияланса, адамдар көп жиналатын жерден аулақ болса, бетперде киіп, байланыста болған адамдар үй карантині режимін сақтаса, КВИ инфекциясының алдын алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, қауіпті инфекцияға қарсы жалғыз тиімді құрал вакцинация болып қала береді. Тек жаппай вакцинация COVID-19-бен күресуге көмектеседі.