Nur Otan-ның 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесі өтпейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Nur Otan" партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады.
Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парақшасында жазды.Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты "Nur Otan" партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады, – деп жазды Байбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Трамп тест тапсырмақ
Өзгелердің жаңалығы