Nur Otan партиясының жұмысы мен саясатына өзгерістер енгізу керек – ректор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тарихи кезеңде міндетін атқарған «Nur Otan» партиясының алдында әлі де елдің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асырудағы міндеттер тұр. Бұл туралы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов айтты.

Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясының жұмысы мен саясатына өзгерістер енгізу керек.

Елдің жаңа кезеңдегі дамуына елдің негізгі саяси партиясы жауапкершілікті сезінеді. Партия жұмысы бір мезеттік, бір реттік акциямен, азық түлік себетін берумен ғана көрінбейді. Шын мәнінде, кешенді жүйелі жұмыспен көрінеді. Кейде партияға ұсақ-түйек шаруамен келетін тұрғындары көргенде ойға қаламыз. Демек, партия жұмысы мен саясатына да өзгерістер керек. Президент атап өткендей, азаматтық қоғам институттарына, саяси партияларға зор міндет жүктеледі. Тарихи кезеңде тарихи міндетін атқарған партия алдында әлі де елдің әлеуметтік- экономикалық саясатын іске асырудағы міндеттер тұр, – деді ректор.

Еліміз жаңа даму жолына түскен кезде партияластар бірлікте болып, өз үлесін қосуға мүдделі екенін жеткізді.

Партия құрамында мыңдаған қарапайым мүшелер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, кәсіпкерлер, жұмысшылар, теміржолшылар, мұнайшылар бар. Билік партиясы қай мемлекеттеде бар. Оны саясаттанушылар жақсы біледі және түсіндіреді. Еліміз жаңа даму жолына түскен кезде партияластарда бірлікте болып, өз үлесін қосуға мүдделі. Түптеп келгенде, мақсатымыз жан-жақты дамыған, өмір сүруге қолайлы мемлекетте, Отанымыз – Қазақстанда өмір сүру, – деді ректор.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы