Nur Otan партиясының Жарғысына өзгерістер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының Жарғысына өзгерістер енгізілді.
Бұған дейін партиялық жарна жалақының ең төменгі мөлшеріне байланыстырылып, ең төменгі жалақының 0,7%-ін немесе жылына 3 570 теңгені құрағаны белгілі.
Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес осы жылдың қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік төлемдерді ең төменгі жалақыға байланыстыру алынып тасталды.
Партия Жарғысына сәйкес партиялық жарнаның мөлшерін бекіту съездің айрықша құзыретіне жататындықтан, бүгін делегаттар партиялық жарнаны айлық есептік көрсеткішке байланыстыра отырып есептеу туралы шешім қабылдады. Бұл айлық есептік көрсеткіштің 0,1-ін, яғни жылына 3 676 теңгені құрайды, - деп жазды партияның ресми сайты
Съездің 389 делегатының 389-ы Жарғыға өзгерістер енгізуге дауыс берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы