Nur Otan партиясының өкілдері Шымкентке келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін партияның өкілдері Шымкентке келіп, шаһардағы медициналық және әлеуметтік қызметтер сапасын көтеру, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу, оның ішінде жаңадан қосылған аудандарда құрылыс жүргізу мәселелерін талқылау үшін қала тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді.
Nur Otan партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы 5 жылда Шымкент қаласында 42 мектеп пен 22 медициналық мекеменің құрылысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қала шетіндегі 620 мыңнан астам тұрғын таза ауызсумен, табиғи газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.
Әсіресе, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға арналған 3 млн шаршы метр тұрғын үй салуға баса мән беріледі. Ол үшін 3,5 мың пәтер салынады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан-Норвегия саяси консультацияларының III раунды өтті
Өзгелердің жаңалығы