Nur Otan партиясының мүшесі оңтүстік тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының мүшесі Жадыра Таңатарова «Есіктен есікке» акциясы аясында Сайрам елді мекеніндегі Тассай тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. 

Кездесу барысында тұрғындар қоғамдағы өзекті болып саналатын денсаулық сақтау, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, жолдар және көлік инфрақұрылымы сынды мәселелер бойынша өз сұрақтарын қойды. 

Кездесуде Nur Otan партиясының өкіліне ақсақал Асан Серікбаев қатаң карантин кезінде партия нақты көмек көрсеткенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы