Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі басталды.

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі өз жұмысын бастады, оған еліміздің барлық өңірлерінен онлайн форматта 389 делегат қатысып жатыр, - деп жазды Ақорданың Twitter-дегі парақшасы.

Съезге бейнеконференц байланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен Үкімет мүшелері қатысып жатыр.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралады:

1. Партияның Төрағасын сайлау туралы; 

2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 

3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы