«Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Әлихан Смайыловпен кездесті
Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайыловпен кездесті. Бұл туралы Асхат Оралов facebook-тегі парақшасында жазды.
Кездесу барысында Үкімет мүшелері мен партия органдарының «Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесіп, партияның 2021 жылғы сайлауалды уәделерінің орындалу сапасына талдау жүргізуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы