Nur Otan партиялық бақылау комиссиясының жұмысы күшейтіледі

Алматы, BAQ.KZ. Nur Otan партиялық бақылау комиссиясы мен аймақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысы күшейтіледі. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Nur Otan партиялық бақылау комиссиясы мен аймақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысын күшейтеді. Бұл партияның қоғамдық қабылдауларына тұрғындардан келіп түскен өтініштерді жіті бақылау мақсатында жасалып жатыр.

Мұнда азаматтардың өтініштеріне жауап бермейтін, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша өздеріне жауапкершілік алып, дер кезінде тиісті шешімдер қабылдамайтын лауазымды тұлғалар туралы сөз болып отыр, - дейді ол.

Nur Otan, сонымен қатар дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың ашық әрі тиімді жұмсалуына партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы