Nur Otan өкілдері Петропавл тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының өкілдері Петропавл қаласы 20-шағын аудан тұрғындарымен кездесті.

Nur Otan партиясының мүшелері Есжан Оразалин, Владимир Бубенко, Анатолий Казановский Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.


Кездесу барысында партия мүшелері мен қала тұрғындары отбасы институты, отбасының материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үйге қол жеткізу мәселелерін талқылады.

«7-20-25» және «5-10-20» бағдарламалары бойынша облыс тұрғындарын кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті ынталандыру бойынша жұмыс жалғасады. Нәтижесінде 16,7 мың солтүстікқазақстандық отбасы үшін тұрғын үй жағдайы жақсартылады.

Айта кетейік, СҚО-да 137,4 мыңға жуық отбасы тұрады. Оның 3243-і көпбалалы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы