Nur Otan-нан Сенат депутатына үміткер ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Парламенті Сенатына Нұр-Сұлтан қаласынан Ақылбек Күрішбаевтың кандидатурасын ұсынуды қалалық мәслихаттағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының мүшелері бірауыздан қолдады.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, бұрынғы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, 2016 жылдан бастап елордалық мәслихаттың депутаты. 

Еңбек жолын 1983 жылы В. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бастады. 

Институт қабырғасында 1997 жылға дейін жұмыс істеп, агротопырақ зерттеу бөлімінің зертханашысынан бастап директордың орынбасарына дейінгі жолды жүріп өтті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатына сайлауды 2020 жылдың 12 тамызына белгілеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы