Nur Otan депутаттары азаматтарды онлайн қабылдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілістегі Nur Otan фракциясының депутаттары партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдайды. Пандемияға байланысты шектеу шараларын ескере отырып, олар онлайн өтеді.
Сонымен, азаматтарды қабылдауды 2 ақпанда депутат Қайнар Абасов бастаса, 4 ақпанда - Сырым Адамбаев, 9 ақпанда - Тілектес Адамбеков, 11 ақпанда - Мәди Ахметов, 16 ақпанда - Самат Ақышев, 18 ақпанда - Әлия Әбсеметова, 23 ақпанда - Данияр Әлімбаев, 25 ақпанда - Ғалым Әміреев өткізеді.
Сондай-ақ Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ақпан айында бірқатар Үкімет мүшесі де азаматтарды қабылдайды.
3 ақпан - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, 5 ақпан - Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, 17 ақпан - Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 18 ақпан – Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, 19 ақпан - Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, 24 ақпан - Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, 25 ақпан - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және 26 ақпан - Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев азаматтарды қабылдайды.
Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласу керек:
1. Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
2. Whatsapp 8700 800 4441
Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне еліміз бойынша 393 мыңнан аса өтініш келіп түсті. Бұл – 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн форматта. Олардың 92% оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.
Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 30%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету – 7% мәселелері алаңдатты.