Нұротандықтар ауылшаруашылық техникасын құрастыру зауытының жұмысшыларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Nur Otan партиясының мүшелері ауылшаруашылық техникасын құрастыру зауытының жұмысшыларымен кездесті.

Таяудағы 5 жылда елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу бойынша 7 ірі агроөнеркәсіптік экожүйені іске қосу, оған 350 мың фермерлік және үй шаруашылығын тарта отырып, жұмыспен қамту көзделіп отыр. 

Жаңадан 600 мың гектар суармалы жерді игеру есебінен партия жаңадан 70 мың фермерлік шаруашылық ашуды ынталандырмақ.

Партияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы және басқа да шаралар арнаулы техникаға деген сұранысты арттырып, отандық машина жасау саласын қажетті жұмыс көлемімен қамтамасыз етуі тиіс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы