«Нұр-Мүбарак» университетінің алдағы уақыттағы даму мәселелері қаралды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және Мысыр Араб Республикасы Уақыфтар министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Қамқоршылық кеңесіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеңесте еліміздегі діни конфессияаралық келісімдерді нығайтуда, қоғам ішіндегі татулықты насихаттауда ауқымды іс-шаралар атқарып отырған «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университетінің алдағы уақыттағы даму мәселелері қаралды.

Қазақстан және Египет тараптары «Нұр-Мүбарак» университетінде ислам теологиясы саласындағы білікті ұлттық кадрларды даярлау барысын пысықтап, бірқатар келісімге келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы