Nur Alem сферасында сәулет және дизайн көрмесі ашылады

Nur Alem сферасында Expo іскерлік орталығының аумағында "Тұрақты әлемді елестетіңіз. Mario Cucinella Architects-тен сәулет және дизайн" атты көрме ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталған көрмені "QazExpoCongress" ҰҚ" АҚ қолдауымен Италияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырып жатыр. 

Көрме ұйымдастырушылардың айтуынша, оның мақсаты - экологиялық мәселелер туралы ақпаратты арттыру. 

Сәулетшілер ұсынған дизайнерлік туындылар көздің жауын алады.

Көрмедегі сәулет, қолөнер туындыларымен байланысты оқиғалар, мәдени және экологиялық құбылыстар өткен кезеңдерді болашақпен ұштастыратындай.

 

Мен түрлі сипаттағы көрмелерге жиі барамын, дегенмен бұл көрме - өзгеше. Әр туындыны жеке-жеке тамашаладым. Көздің жауын алады. Асқан талғаммен жасалғаны көрініп тұр. Онымен қоса экологиялық мәселелерді де ұштастыра отырып, ұйымдастырылған екен. Италиялық дизайнерлердің қолөнері есте қаларлықтай болды, - деп әсерімен бөлісті көрмеге келушілердің бірі.

Айта кетейік, көрме осы жылдың 25 ақпанынан 10 маусымға дейін Астана қаласында жұмыс істейді. 

Nur Alem сферасына билет арқылы кіруге болады. Оның жұмыс кестесі келесідей: жұма - 10.00-20.00-ге дейін, сенбі-жексенбі - 10.00-21.00 дейін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы