Нүкістегі тәртіпсіздік. Ұсталғандардың ішінде өзге елдің азаматтары бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстан елшілігі өткізген брифингте айтты. 

Өзбекстан ежелден көпұлтты халық болып есептеледі. Онда тұрып жатқан барлық ұлттық дәстүрі мен тілі, діні мен ділі сыйланады. 1-2 шілдеде Нүкісте Өзбекстанның бірлігі мен тұтастығын бұзу әрекет жасалды. Өзбекстан құзырлы органдары тергеуінің алдын ала мәліметі бойынша Нүкісте болған тәртіпсіздіктер сыртқы күштердің көмегімен ұйымдастырған. Оқиғалар аяқасты болған жоқ, олар алдын ала жоспарланған. Заңға қарсы әрекеттер алдын ала жоспарланған диверсия мен сепаратизм елдің бірттастығына нұқсан келітуреге бағытталған, - деді ол. 

Ниязходжаев тергеудің мәліметтерін жариялауға болмайтынын айтты. 

Алайда ұсталғандардың ішінде өзге елдің азаматтары да бар. Олар оқиға кезінде Қарақалпақстан астанасы Нүкісте болған. Олар онда кездейсоқ табылған жоқ. Бұл орайда Өзбекстан құқықтық тәртіп бойынша әрекет етті. Қарақалпақстандағы жағдайды тұрақтандыру кезінде Өзбекстанның Үкіметі азаматтардың өмірі мен тұтастығын сақтау негізінде шешім қабылдады, - деді Саидикрам Ниязходжаев.

Айта кетейік, Қарақалпақстанда 3 шілде мен 2 тамыз аралығында төтенше жағдай жарияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы