Танымал қазақстандықтар президенттің #BIRGEMIZ акциясын қолдап әкетті
Алматы, BAQ.KZ. Еліміздің танымал әртістері мен блогерлері президенттің #BIRGEMIZ хештегіне қолдау көрсетіп, дизайнерлік бетпердемен түскен суреттерімен әлеуметтік желіде жаппай бөлісіп жатыр.
Qazaq Republic жобасының авторы, дизайнер Сәкен Жолдас жақында #birgemiz хештегімен арнайы бетперде жасап шығарған. Оны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жарияланымдарында қолданды және ол әлеуметтік желіде өзге қолданушылар арасында да танымал болып келеді.Флешмобқа қатысушылар арасында танымал әншілер Сәкен Майғазиев, Айдар Тұрғамбек, Айқын, Мөлдір Әуелбекова, Зарина Омарова, журналист әрі "Team Qazaqstan" қозғалысының көшбасшысы Асхат Садырбай, футболшы Елдос Ахметов, тележүргізушілер Дина Төлепберген, Джиу-джитсу қауымдастығының атқарушы директоры әрі көңілді тапқырлар клубының ойыншысы Санат Шапашов сынды азаматтар бар.
Қазақстанның танымал азаматтары коронавирус індетінің таралуының алдын алу мақсатында жариялаған жарияланымдарында қазақстандықтарды сабыр сақтап, бір-біріне қамқорлық танытуға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көлгінов: Қалыпты өмірдің кепілі – темірдей тәртіп
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы