Новак қазақ жеріндегі Каспий мұнайын әлемдік нарыққа шығаратын ең қысқа жол туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак Каспий құбыр консорциумы қатысушыларының акционерлер келісімшартына қол қойылуының 25 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте айтты.
Александр Новак алдымен мерейлі мерекемен құттықтаған Ресей Президенті Владимир Путиннің құттықтауын жеткізді.
Новак айтқандай, жұмыс барысы кезінде ол өзінің стратегиялық қажеттілігі мен экономикалық тиімділігін көрсетті.25 жыл бұрын әлемдік мұнай саласы мен халықаралық ынтымақтастық үшін бірегей шара болды. Қазақстан жерінде 1500 шақырымға созылған «Каспий-Новороссиск» мұнай құбыры жобасы бастау алды. Бұл шынымен де Қазақстан мен Ресей үшін әлемнің алдыңғы қатарлы энергетикалық компанияларының қатысуымен жүзеге асырылған бірегей, қайталанбас жоба болды, - деді ол.
Бүгінде бұл Каспий мұнайын әлемдік нарыққа шығаратын ең қысқа жол. Каспий құбыр консорциумы жобасы 90 жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен басталды. Құбырдың құрылысында жоғары технологиялық тетіктер табиғатты қорғау стандарты аясында қолданылды. Өткен жылдары мұнай құбырының өткізу қуаттылығы кезеңдеп артып отыр, - деді Александр Новак.