Нотариустар QR-код арқылы жұмыс істейді – Әмірғалиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да нотариат және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы реформалар бойынша өткен брифингте айтты.
Мемлекет басшысы ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен нотариат, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы Заңдарға қол қойды.Қабылданған түзетулерді жасамас бұрын қолданыстағы заңнама мониторингінің нәтижелері және құқық қолдану практикасына талдау жасалды,- деді ол.
Әмірғалиев атағандай, болашақта нотариустер мұрағаттан бас тартады.
Келер жылдан бастап бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеде нотариалдық құжаттарды сақтау үшін орталықтандырылған электронды қор құрылады. Болашақта нотариустар құжаттық мұрағаттан бас тартады. Биылғы 1 шілдеден мүлікті тіркеу бойынша бастап эксаймақтық жүйе енгізіледі. Егер бұрын мүлікті тіркеу оның тұрған жеріндегі нотариуста тіркелсе, қазір тараптар кез келген нотариуста тіркей алады, - деі ол.
Ол атағандай, 1 шілдеден бастап нотариаттық құжаттарға QR-код беріледі.
Бұл оларды жалғаннан қорғауға және қағаз бланкілерден бас тартуға мүмкіндік береді.Мысалы, егер бұрын сенімхаттың түпнұсқалығын тексеру нотариусқа жүгіну арқылы жүзеге асырылса, енді оны QR-код бойынша смартфондағы қосымшаның көмегімен немесе құжаттың сандық коды бойынша enis.kz сайтында тексеруге болады, - деді Әмірғалиев.