Нөсер жауын салдарынан Перудің солтүстігін су басты
Төтенше жағдайлар қызметі зардап шеккен аудандарға су сорғыларын орналастырды.
Перудің солтүстігіндегі Пьюра және Тумбес аймақтарында нөсер жауын салдарынан көшелерді, тұрғын үйлер мен сауда орындарын су басты. Билік алдағы айларда Эль-Ниньо құбылысына байланысты жауын-шашын күшеюі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Euronews.
Пьюра қаласында жиналған су көлік қозғалысын қиындатып, тұрғындар үйлері мен дүкендерден суды өз күштерімен сорып шығаруға мәжбүр болған. Чулуканас қаласындағы Модельо базарында су деңгейі кей жерлерде 30 сантиметрге жеткен. Кейбір көшелер 12 сағаттан астам уақыт бойы су астында қалған.
Төтенше жағдайлар қызметі зардап шеккен аудандарға су сорғыларын орналастырды. Ал омбудсмен қызметі дренаж жүйелерін тексеріп, алдын алу шараларын күшейтуді талап етті.
Перудің Ұлттық метеорология және гидрология қызметі солтүстік жағалау мен таулы аймақтарда орташа және қатты жауын-шашын болатынын ескертті. Мамандардың болжамынша, алдағы жаз айларында кей жерлерде жауын-шашын мөлшері бір шаршы метрге 200 литрге дейін жетуі мүмкін.
Билік өзендердің арнасынан тасуы мен таулы аймақтарда сел жүру қаупін де бақылауда ұстап отыр. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың көмекке жүгінуі артып келеді.
Мамандар тұрғындарды ауа райы туралы ескертулерді бақылап, төтенше жағдайлар қызметінің нұсқауларын орындауға шақырды.