Нөсер жаңбырдан кейін астана көшелерін су басты
Астанада жаңбырдан кейін жиналған қала көшелеріндегі суды соруға 50-ден астам техника жұмылдырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство мәліметінше, нөсер кәрізі мен тазарту құрылысын салу және қуатын кеңейту жұмысын қала әкімдігі жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Мысалы, бұрын 146 проблемалық учаскеде кәріз салынған соң су басу мәселесі шешілген.
Сонымен қатар, 130 км-ден астам нөсер кәрізі мен арық-науа жүйесі салынды, 1 мыңға жуық бақылау, жаңбыр қабылдағыш құдығы, сондай-ақ 20 км коллектор тазартылса, 6,5 мың құбыр буландырылды. Алматы ауданында (Ш.Қалдаяқов көшесі), жаңа вокзал, Ұлы дала даңғылында және басқа тұстарда нөсер кәрізі салынып жатыр, – деп мәлім етті әкімдіктен.
Айта кетейік, бүгін елордада жаңбыр жауып, дауыл соқты, кей жерлерде бұршақ та жауған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Келестік полицейлер жоғалып кеткен ер адамды Шымкенттен тапты
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы