Нөсер, найзағай және алғашқы үсік: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы күндері Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік циклон салдарынан нөсер жауын мен найзағай болады. Солтүстік өңірлерде түнде алғашқы үсік жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, найзағаймен бірге жаңбыр жауады, ал оңтүстік-шығыста 16-18 қыркүйек аралығында қатты нөсер күтіледі. Тек батыс аймақтарда ғана құрғақ әрі жылы ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейеді деп болжануда. Солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін.
Ауа температурасы айтарлықтай ауытқиды: түнде солтүстік және шығыс аймақтарда +1…+6 градусқа дейін төмендесе, күндіз батыста +28 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде +18 градусқа дейін, ал күндіз шамамен +25 градус күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы