Кеше 2026, 20:50 Фото: pixabay.com

Нөсер, көктайғақ, жел: 23 наурызға арналған ауа райы болжамы

Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп күтілуде.

«Қазгидромет» 23 наурызға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Болжамға сәйкес, жексенбі күні елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Оңтүстік облыстардың тау бөктері мен таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, ал батыстың шеткі өңірлері мен оңтүстікте найзағай болуы мүмкін.

Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман күтіледі, солтүстік пен орталықта көктайғақ болады. Сондай-ақ солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.