Норвегияның солтүстігінде қар көшкіні жүріп, төрт адам мерт болды

Норвегияның солтүстігінде бірнеше рет қар көшкіні жүріп, төрт адам қаза тапқан. Оның екеуі турист болса, екеуі жергілікті тұрғын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ, бірнеше адам зардап шеккені хабарланды. Ауа райының нашарлығы құтқару жұмысына кедергі келтіріп жатыр, деп жазды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Жылдың бұл мезгілінде Норвегияда күн сайын қар көшкіні болады, ел аумағының 7%-ы қауіп аймағында тұр.

Жергілікті тұрғындар мерт болған Рейноя елдімекенінде сарай мен 140 серкеден тұратын отар ашық теңізге ағып кетті.

Тромсё коммунасының тұрғындары қар көшкіні жүру қаупі болғандықтан, эвакуацияланды. Қауіп жексенбі күні де сейілмейді. Финмарк ауданында Хаммерфест қаласына апаратын жол жабылды.

Еуропада жыл сайын жүздеген адам қар көшкінінің құрбаны болады. Норвегияда кейінгі он жылда 60-тан астам адам қайтыс болды, қайғылы оқиғаның көбі елдің солтүстігінде болған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: azertag.az
Өзгелердің жаңалығы