Бүгiн 2026, 05:38
Фото: Reuters
Норвегияда оқушы тұрақтағы автобусты айдап кеткен
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Норвегияда 14 жастағы мектеп оқушысы тұрақта тұрған рейстік автобусты айдап кетіп, оны Стенунгсунд қаласына дейін 200 шақырымнан астам жүргізіп барған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Полицияның мәліметінше, жасөспірім автобусты тұрақтан алып кеткен, алайда оның бұл әрекетке не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл оның алғашқы әрекеті емес. Бұған дейін де ол автобус айдап кетіп, бірнеше сағаттан кейін өз еркімен қайта әкелген. Ол кезде жасының кішілігіне байланысты іс тоқтатылған.
Қазіргі уақытта автобус қайтадан Норвегияға жеткізілуде.