Нормаларды қабылдау елдегі плюрализм деңгейін арттыруға ықпал етеді – Саиров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының екінші пакетін іске асыру аясында Парламент Мәжілісі бірінші оқылымда «ҚР сайлау туралы» конституциялық заң жобасын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын қабылдады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров facebook-тегі парақшасында жазды.

Жұмыс тобында құрамына сарапшылар қауымдастығының, саяси партиялардың, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің өкілдері бірлесе жұмыс атқарды. Ол бойынша 12 отырысы өтті, - деді ол.

1. Биыл ауылдар, кенттер, аудандық деңгейдегі қала әкімдері тікелей сайланады.

2. Партиялардың Мәжіліске өтуінің пайыздық кедергісі 7-ден 5 пайызға дейін төмендейді.

3. Дауыс беруге арналған бюллетеньге «барлығына қарсы» деген баған енгізіледі.

4 жыл ішінде 2 345 әкімді таңдау жоспарлануда, оның ішінде 836 әкім өзінде-биыл сайланады. NurOtan партиясы фракциясының депутаттары, жұмыс тобының мүшелері азаматтардың құқықтарын кеңейтуге және осы процеске қоғамдық қатысу аясын арттыруға қатысты бірқатар маңызды түзетулер енгізді. Бұл демократияға бағытталған прогрессивті қадам, демократия және жергілікті жерлерде қоғамдық бақылау қағидаты жүзеге асырылуда. Осы нормаларды қабылдау саяси бәсекелестікті дамытуға және елдегі плюрализм деңгейін арттыруға ықпал ететін болады, - деді депутат.

Айта кетейік, Мәжілістің пленарлық отырысында президенттік саяси реформалар пакеттерін жүзеге асыру бойынша негізгі заң жобалары қаралды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы