20 Қыркүйек 2026, 09:15 Фото: ©️ BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Нөмірі көрінбеген мотоциклге айыппұл салынды: Алматылық полицейлер түнгі рейд жүргізді

Полицейлер таңға дейін жағдайды бақылауына алды. Тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Алматыда полиция қызметкерлері түнгі рейд өткізіп, мотоцикл жүргізушілерін жаппай тексерді. Тәртіп сақшылары олардың құжаттарын қарап, жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде ескерту жасады. Рейд барысында кейбір мотоцикл жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырылды. BAQ.KZ тілшісі тәртіп сақшыларымен бірге рейдке шығып, қаладағы жағдайды көріп қайтты. 

Рейд кешкі 20.00 мен 08.00 аралығында өтті. Кешкі рейдке кіріспес бұрын тәртіп сақшылары жиналып, арнайы тапсырманы күтті. Рейдке бірнеше патрульдік экипаж жұмылдырылды. Іс-шараға түнгі ауысымның 22 полиция қызметкері шықты. 

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Полиция жасағымен қатар мото-патруль де бүгін қызметте. 

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Көп ұзамай тәртіп сақшыларының алдына Алматы қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әбдінұр Тасыбаев шығып, арнайы тапсырма берді. 

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Алматы қаласында мотоциклдер мен мопедтердің қозғалысына байланысты күшейтілген рейдтік шара басталды. Негізгі мақсатымыз қоғамдық тыныштықты бұзатын көлік құралдарының белгіленген талаптарға сай емес жүргізушілерді анықтап, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Полиция үшін тұрғындардың қауіпсіздігімен қатар тыныштығын да сақтау маңызды. Әсіресе техникалық талаптарға сай келмейтін, шамадан тыс шу шығаратын көлік құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Бұл - бір күндік жұмыс емес. Заң бұзған әр жүргізуші жауапкершілікке тартылады, - дейді Әбдінұр Тасыбаев. 

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Полиция полковнигінің сөзінше, мұндай шаралар ай сайын өткізіліп тұрады. 

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Рейд барысында тәртіп сақшылары мотоцикл жүргізушілерін тоқтатып, тексере бастады.

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Полицейлер жүргізушілердің құжаттарының дұрыс-бұрыстығын қарап шықты.

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Тексеру кезінде жүргізуші куәлігі мен көлік құжаттарына назар аударылды.

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге арнайы рейд жүріп жатқанын айтып, жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы ескертті.

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Тәртіп сақшылары кейбір жүргізушілермен профилактикалық әңгіме өткізді.

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Полиция полковнигі Әбдінұр Тасыбаевтың сөзінше, түнгі уақытта маневр жасайтын жүргізушілер жиі кездеседі. 

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Жол бойында тоқтатылған мотоциклдер бірінен соң бірі тексерілді. Кейбір жүргізушілерге қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Рейд кезінде мемлекеттік нөмірі жабылып қалған мотоцикл анықталды.

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Полицейлер нөмірді тазалатып, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырды. 

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Полицейлердің сөзінше, егер ауа райына байланысты, яғни жаңбыр не қар жауып, көліктің нөмірі жабылып қалған жағдайда жүргізушіні түсінуге болады. Алайда еш кедергі болмай, мемлекеттік нөмір жабылып қалған жағдайда шара қолданылады. 

Фото: BAQ.KZ / Сымбат Сатыбалдина

Полицейлер таңға дейін жағдайды бақылауына алды. Тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.