«Ноғаев, су қайда?». Әкім ақтаулықтардың плакатына қатысты ойын айтты
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев үйдің төбесіне «Ноғаев, су қайда?» деп үндеу жазылған плакат іліп қойған ақтаулықтардың әрекетіне жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өкірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
ОКҚ-да Ноғаев әлеуметтік желіде тараған «Ноғаев, су қайда?» деп жазылған плакатқа қатысты ойын айтты.
Барлық азаматтың өтініштерін бақылауда ұстаймыз, соның ішінде облыс әкімдігінің телеграм-чаты арқылы да өтініштер қабылданады, - деді әкім.
Ноғаевтың айтуынша, мұнда күн сайын мемлекеттік қызмет көрсетуге немесе жақсартуға қатысты да, тұрғындардың басқа да мүдделеріне қатысты ондаған сауал түседі.
Біз қандай сұраққа назар аудару керегін білеміз, біз түйіткілді мәселелер туралы білеміз. Осыған байланысты дер кезінде шаралар қабылданып жатыр. Бұл үйде сорғы бұзылған. Қалалық кәсіпорындардың жұмысшылары ақауды жойып, су құбыры жаңартылды. Біздің барлық күш-жігеріміз көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған, - деп түсіндірді Нұрлан Ноғаев.
Бұған дейін әкім өңірде су мәселесі қалай шешілетінін хабарлаған болатын.