Ноғаев: Халықтың өмір сүру сапасын арттыру-жүйелі түрде шешілуі қажет

Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Жаңаөзенде болып, Қызылсай ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жиында өңір басшысынаосы жылдың басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы айтылды. Кездесу соңында өңір басышы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады.

Қызылсай ауылында 7500 адам тұрады. Ауыл тұрғындары электр энергиясымен, орталықтандырылған газбен және ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Орталық су құбырына ауыл бойынша 1110 тұрғын үй қосылған.

Облыс әкімімен кездесуде тұрғындар әлеуметтік қызмет көрсету саласы, жұмыспен қамту, балаларды тасымалдау үшін көліктік қызмет көрсетуді жақсарту қажеттілігі, сондай-ақ азық-түліктің қолжетімділігін арттыру мен жолдардың сапасын жақсарту сынды бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар, коммуналдық қызметтерге төленетін тарифтердің бағасын реттеу және тұрғын үй көмегін алу мәселелері талқыланды.

Нұрлан Ноғаев аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы аналарға, жұмыссыздарға және қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетілетінін атап өтті.

Өз Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондықтан біздің міндетіміз-бұл мәселелерді бірлесіп және жүйелі түрде шешу. Осы бастама шеңберінде республикада, оның ішінде Маңғыстау облысында аз қамтылған отбасыларға олардың жалпы табысының жеті пайызы түрінде қолдау көрсетіледі. Бұл қолдауды алу үшін отбасылар немесе олардың өкілдері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішпен жүгінуі қажет. Қолдау өтініш берілген айдан бастап төлене бастайды. Әр тоқсан сайын кірістер мен отбасы құрамы туралы ақпарат берілген жағдайда көмек уақыты ұзартылып отырады. Осы бағдарламаны пайдаланушы тұрғындар жұмыс күндері тұрғылықты жері бойынша орналасқан Жұмыспен қамту орталықтарынан ақпарат және қолдау ала алады, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысы сондай-ақ кездесуде ұсынылған мәселелер басымдылығына қарай қаралатынын атап өтті.

Түстен кейін кездесу әкімнің орынбасары Қанат Құлжановпен бірге 18 мыңнан астам тұрғыны бар Теңге ауылында жалғасты. Онымен кездесуде ауыл тұрғындары дәрігерлер мен білім беру нысандарының тапшылығы туралы айтты.

Ауылда үш жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, биыл онда үш мыңнан астам бала білім алуда.

Ауылдың мәдени өмірінде 2013 жылы пайдалануға берілген "Ата мұра" мәдениет үйінің маңызы жор. Мұнда 185 жасөспірім домбыра, тоқыма, қолөнер және басқа да сабақтарда бос уақытын өткізеді. Қазіргі таңда мәдениет үйінде 11 үйірме мен 5 ұжым жұмыс істейді.

Халықпен кездесуден кейін әкімнің орынбасары азаматтарды жеке қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы