19 Қыркүйек 2026, 05:18 Фото: depositphotos.com

Нобель сыйлығының жүлде қоры ұлғайды

2026 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары 5-12 қазан аралығында жарияланады.

2026 жылы Нобель сыйлығының ақшалай мөлшері әр санат бойынша 12 миллион швед кронына, яғни шамамен 1,22 миллион долларға дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Нобель қоры хабарлады.

Сыйақы көлемі бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 1 миллион кронға, шамамен 101 мың долларға артқан.

Алғашқы Нобель сыйлығы 1901 жылы табысталған кезде әр санаттағы ақшалай марапат 150 782 крон болған. Соңғы 15 жылда сыйақы мөлшері бірнеше рет өзгертілді. 2012 жылы ол 10 миллионнан 8 миллион кронға дейін қысқартылған еді.

2026 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары 5-12 қазан аралығында жарияланады.