Nobel Fest: Цифрлық апгрейд: Астанада халықаралық Нобель фестивалі өтеді

5-6 қазан күндері Астанада «Nobel Fest: Цифрлық Апгрейд» халықаралық Нобель фестивалі өтедідеп хабарлайды BAQ.KZ informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

 

Астана әкімдігінің хабарлауынша, Фестивальге Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылым, ақпараттық технологиялар, экономика және инновациялар саласындағы жетекші мамандар қатысады.

 

Nobel Fest 5 және 6 қазанда Тұңғыш Президент мұражайында өтеді. Спикерлер ғылыми-техникалық прогрестің ең озық теориялары мен тәжірибесін талдайтын болады. Фестиваль бағдарламасы жасанды интеллект, климаттың өзгеруі, экономика болашағы, стартаптар мен замануаи еңбек нарығы, ғылымның жаңа қырлары, адамзат болашағы секілді өзекті мәселелерді қамтиды.

Фестивальдің негізгі тақырыптары:

Технологиялық сингулярлық дәуірі

Белгісіз әлем: жасанды интеллект дәуірі;

Цифрлық әлемдегі адам миының ресурстары: сингулярлық немесе сана жолында;

Көппланеталық өркениет пен ғарыш туризмінің құрылысы;

Ғылым мен білім дамуының жаңа қырлары;

Жаһанданудың аяқталуы және әлемнің жаңа экономикасы;

«Unicorn» стартапты қалай құруға болады не технология алпауыттарының дамуына қандай жағдай жасау керек?

Еңбек пен адами капиталдың болашағы.

Фестивальде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев, сондай-ақ экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, әлемнің үш үздік экономисінің бірі Джеймс Хекман, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері, климат және тұрақты даму бойынша №1 сарапшы Рае Квон Чунг, әлемге әйгілі футуролог, инновациядағы үздік үш ықпалды көрегеннің бірі (Wired), «Технология адамға қарсы» бестселлерінің авторы Герд Леонгард, әлемдегі ең танымал автокөлік дизайнері Фрэнк Стивенсон және т. б.

Фестивальдің басты мақсаты – мыңдаған қазақстандықтың білімге, ғылымға және инновацияға қызығушылығын арттыру.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы