Ninety One тобының солистері UNICEF қорының елшілері атанды
Қазақстанда 1 маусымда аталып өтетін Балалар күні қарсаңында БҰҰ-ның елдегі балалар қоры Ninety one тобының әншілерін UNICEF-тің елшілері етіп тағайындалғанын хабарлайды, деп жазады BAQ.KZ қазақстандық пресс-клубқа сілтеме жасай отырып.
Жоба қатысушылары 16 мамыр күні әлем бойынша балаларды қорғаумен және олардың құқықтарын қорғаумен айналысатын белгілі адамдар қатарына қосылады.
Бұл топ ұлттық музыкалық чаттарда бастапқы орындарда көрінетін орындаушылардың бірі. Бұдан бөлек олар тек Қазақстанда да ғана емес, одан тыс жерде де әйгілі музыкалық ұжым.
Былтыр Ninety one тобы "Менталдық саулық бәрінен жоғары" атты UNICEF пен TikTok-тың бірлескен кампаниясына қолдау көрсетті. Олардың қолдауларының арқасында 100 мыңнан астам жас психикалық саулық туралы маңызды ақпаратпен хабардар болды.
Бүкіл әлемде UNICEF 200-ден астам ерікті елшілермен ынтымақтастық орнатқан. Олардың арасында - Орландо Блум, Джеки Чан, Кэти Перри және т.б. бар. Бұл ынтымақтастық әйелдер және балалардың құқықтарын қоғамды барынша хабардар етуге бағытталған.