Нил Армстронг скафандры музейге қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айға табан тіреген тұңғыш ғарышкер Нил Армстронгтың скафандры көпшіліктің назарына ұсынылды.
«Хабар 24» хабарлағандай, 13 жылға созылған күрделі жөндеу жұмысынан кейін құнды жәдігер Вашингтондағы ұлттық астронавтика музейіне қойылды. Салтанатты шараға Нилдің ұлы Рик Армстронг пен АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс қатысты.Пенс Армстронгтың Айға ұшуын 1960 жылдары дүрдараздық жайлаған Америка қоғамын бір арнаға тоғыстырған тарихтағы ұлы оқиғаға балады.
Айта кетерлігі, мамандар скафандардың айда болғанын айғақтайтын дәлелді сақтап қалу үшін ғалымдармен ұзақ кеңесіп, тиісті талдау жүргізген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы