Никол Пашинян Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады

Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді.

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы өзара табысты ықпалдастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы