Нигериядағы су тасқынынан 500-ге жуық адам қаза тапты
Соңғы айларда, жаңбырлы маусым басталғалы бері, Нигерияда су тасқыны салдарынан 500-ге жуық адам қаза тапты, 1,5 миллион азамат үйін тастап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бқл туралы ҚазАқпарат Euronews.com сайтына сілтеме жасап жазды.
45 мыңнан астам тұрғын үй қирады, 70 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары жоғалып кетті.
Бүкіл ел бойынша жолдар мен инфрақұрылымның зақымдануына байланысты жанармай жетіспейді, Абуджадағы жанармай құю бекеттерінде ұзынсонар кезек пайда болды. Төтенше су тасқынының салдары барлық аймақтарды қамтыды, халыққа азық-түлік дағдарысы қаупі төніп тұр.
Ауа райы болжамы бойынша, қалың жауын қараша айының соңына дейін тоқтамайды.
Бұған дейін Австралиядағы су тасқыны туралы хабарланған болатын. Елдің оңтүстік-шығысындағы Виктория штатының Мельбурн қаласының маңында жүздеген үйді су басты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада сатушыны тонаған күдіктi ұсталды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы