Нигерияда жанармай цистернасы жарылып, кемінде 30 адам қаза тапты

Нигерияның Нигер штатында орналасқан Агайе-Бида тас жолында апатқа ұшыраған бензин таситын көліктен жанармай жинамақ болған адамдардың арасында жарылыс болып, кемінде 30 адам қаза тауып, 40 адам жарақат алды, деп хабарлады BAQ.KZ The Nation басылымына сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің көбі апаттан кейін цистернадан төгілген бензинді жинауға қатысқан. Жарылыс кезінде олар оқиға орнында болған. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, – делінген ресми мәлімдемеде.

Оқиға орнында үлкен өрт шығып, бірнеше көлік өртеніп кетті. Құтқарушылар мен дәрігерлер апат орнында тәулік бойы жұмыс істеуде.

Айта кетейік, мұндай жағдайлар Нигерияда жиі қайталанады. Елдің көптеген аймақтарында тұрғындар апатқа ұшыраған жанармай таситын көліктерден бензин жинау кезінде қауіпсіздік ережелерін елемейді.

Өткен жылы осындай жарылыстың салдарынан 140 адам қаза тапқан болатын. Ол кезде жүргізуші көлікті басқара алмай, цистерна аударылып, төгілген жанармай отқа оранған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы