28 Ақпан 2021, 22:07
Нигерияда ұрланған 300 мектеп оқушысы құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 ақпан күні Нигерияның солтүстігінде ұрланған 300-ге жуық мектеп оқушысы бүгін босатылды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 ақпан күні Нигерияның солтүстігінде ұрланған 300-ге жуық мектеп оқушысы бүгін босатылды.
Бұл туралы Nation хабарлады.
Федералдық қауіпсіздік күштерінің бөлімшелері мен полиция соңғы 3 күн бойы тынымсыз іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ штаттың билік органдары қыздарды құтқару мақсатында жергілікті қауым өкілдерімен келіссөздер жүргізіп отырған.
Қазір қыздар жолда. Олар Замфара штатының әкімшілік орталығы Гусау қаласына жеткізіледі.
Мектеп оқушыларын қалай босатқаны жөнінде, оларды құтқару үшін ақша төленгені жөнінде ақпарат жоқ.
Еске салсақ, 26 ақпан күні түнде оқушыларды Джангебе қаласындағы қыздарға арналған мемлекеттік мектеп-интернаттан ұрлап әкеткен болатын.
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026
- Оралда үш жасар қыз пәтерде қамалып қалған 18.11.2026
- Семейде TikTok эфирінде балағат сөз айтқан әйел мәжбүрлі емдеуге жіберілді 18.11.2026
- Жүрегі оң жақта орналасқан: Астаналық дәрігерлер әйелге күрделі ота жасады 18.11.2026
- Түркістан облысында жылына 50 мың бас мал бордақылайтын ірі кешен ашылды 18.11.2026
- Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдіктілер қамауға алынды 18.11.2026