Нигерияда су тасқынынан 80-ге жуық адам қаза болды
Нигерияның оңтүстік аудандарындағы су тасқыны салдарынан жетпіс алты адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.
Анамбра штатының оңтүстік шығысында деңгейі үйдің шатырына дейін көтерілген тасқын судан қашып құтыламыз деген 80-нен астам адам мінген қайық аударылып қалды.
Елдің төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттігінің мәліметінше табиғи апат салдарынан 600 мыңнан астам адам тұрған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Анамбрадағы қайғылы оқиға бір апта бұрын көршілес солтүстік-орталық Коги штатының бөліктерін басып өткен су тасқынының жойқын зардаптарынан кейін болды.
Нигерияның ұлттық ішкі су жолдары басқармасының мәліметі бойынша, су тасқыны 13,22 метрде тіркелді, бұл 2012 жылғы су тасқыны көрсеткіші - 12,84 метрден асты.
Биыл Нигериядағы су тасқыны жойқын болды, салдарынан 300-ге жуық адам қаза тауып, жарты миллионнан астам адам зардап шекті.
Африка елінің билігі Нигер мен Бенуэ өзендерінің бойындағы штаттарда апатты су тасқыны болатынын ескертіп, Нигерияның үш су қоймасы толып кетуі мүмкін екенін түсіндірді.