27 Шілде 2025 2025, 14:16
Фото: Anadolu Agency
Нигерияда қайық апатынан 25 адам қаза тапты
Нигерияның Нигер штатында жолаушылар мінген қайықтың апатқа ұшырауы салдарынан кемінде 25 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нигерияның Нигер штатында жолаушылар мінген қайықтың апатқа ұшырауы салдарынан кемінде 25 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, оқиға Широро аймағында орын алған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Муния ауданының тұрғындары қайықпен базарға бет алған кезде, су көлігі аударылып кеткен. Қайықта нақты қанша адамның болғаны белгісіз, алайда ондаған адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Жергілікті билік апат болған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар суға кеткендер санын нақтылауға тырысуда. Апат салдарынан құрбан болғандар саны артуы мүмкін деген қауіп бар.
Айта кетейік, Нигерияда жаңбырлы маусым кезінде өзендер мен көлдерде қайық апаттары жиі тіркеледі. Мұндай төтенше жағдайлар негізінен қауіпсіздік талаптарының сақталмауы мен су көліктерінің шамадан тыс жүктелуі салдарынан болады.